Текст
2023 жылдың 17 мамырында No3 ЖББОМ-де дене шынықтыру және салауатты өмір салты аясында «Тазалық – денсаулық кепілі» атты сынып сағаты өтті. 1-11 сынып жетекшілері оқушыларды салауатты өмір салты қағидаларымен таныстырып, жеке бас гигиенасы бойынша білімдері мен дағдыларын бекітті, сонымен қатар мектеп оқушыларын тазалыққа, өмір мен денсаулықты құрметтеуге тәрбиелеуге көңіл бөлді.