Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілген жеке адамның құқықтық мәртебесі адам және азамат құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі ережелеріне сүйенеді. Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарына қатысты бірқатар құқықтық актілер бар. БҰҰ аясында осы мәселе бойынша бірқатар құжаттар қабылданды: "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы" (1948 ж.), "Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы", "Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы" (1966 ж.), "Бала құқықтарының декларациясы" (1959 ж.), "Әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенция" (1954 ж.) және басқалар.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелімдері бар. Құқық пен бостандықты бөлудің негізіне байланысты жіктеуге болады:
1.Өмір сүру құқығы (Конституцияның 15-бабы)
2.Жеке бас бостандығына құқық (Конституцияның 16-бабы)
3.Адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық (Конституцияның 17-бабы)
4.Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы (Конституцияның 18-бабы)
5.Тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы (Конституцияның 25-бабы)
6.Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығы (Конституцияның 21-бабы)
7.Сөз және шығармашылық бостандығы (Конституцияның 20-бабы)
8.Ар-ождан бостандығы (Конституцияның 22-бабы).
Оспанова А. Н