А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Республикалық оқушыларға арналған байқаулар
ЕРЕЖЕСІ
Пәні: жалпы пәндер
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, колледж студенттері мен балабақша тәрбиеленушілері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 22 қарашасына дейін
Қорытынды уақыты: жұмыс қабылданғаннан кейін 5-7 күн ішінде
Ұйымдастырушы: «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды-білім орталығы
vБілім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.
vБалаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу;
vОқушылардың эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
2. Байқау түрлері мен тапсырмалары:
2.1. «Абай оқулары» байқауы (қатысушы Абай Құнанбайұлының шығармасын мәнерлеп оқып жолдауы тиіс)
2.2. «Абайдың қара сөздері» байқауы (қатысушы Абайдың кез келген қара сөзін жатқа айтып, бейнетаспаға түсіріп жолдайды)
2.3. «Менің сүйікті кейіпкерім» байқауы (қатысушы өзіңің сүйікті мультфильм немесе кино кейіпкері туралы шығарма жазып немесе сурет салып жолдайды)
2.4. «Күзгі бақ» байқауы (қатысушы күз тақырыбына арналған қолөнер туындысын суретке түсіріп жолдайды)
2.5. «Мектебім – алтын ұям» (қатсушы берілген тақырып бойынша шығарма жазып немесе сурет салып жолдайды)
Байқауға қатысу үшін 500 (бес жүз) теңге көлемінде жарнапұл төленеді.
А.Сыздыкова