20 ақпанда БҰҰ Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін өткізеді. 18 ақпан күні №3 ЖББМ ұжымымен «Ресми жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік әділдікке қол жеткізу» атты әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында сұрақтар қарастырылды:
1. еңбек келісім-шарты,еңбек шартын жасасу және бұзу кезіндегі қызметкерлердің кепілдіктері;
2. қызметкерлерді босату және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
3. еңбек демалысы;
4. қауіпсіз және ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау.
Біз белгілі бір және белгісіз мерзімге келісімшарт жасасуды, зейнеткерлермен келісімшарт жасасуды қарастырдық. Оқу жоспарлары мен жүктемелері бойынша сағаттардың азаюын, сыныптар санының қысқаруын қоспағанда, оқу жүктемесінің көлемі жыл ішінде өзгермейді; осы ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтерге жаңа оқу жылына оқу жүктемесін белгілеу кезінде, әдетте, оның көлемі мен сыныптардағы, топтардағы пәндерді оқытудың сабақтастығы сақталады; оқу жүктемесін алдын ала бөлу оқу жылы аяқталғанға дейін және жаңа оқу жылында сыныптарды, топтарды және оқу жүктемесін анықтау үшін қызметкерлер демалысқа кеткенге дейін аяқталады.
Жұмыстан босату, еңбек шартын бұзу себептері, қызметкерлер мен жұмыс орындарын қысқарту кезінде жұмыстан бас тарту құқығы қарастырылды.
Ақылы демалыс беру кезектілігі, жазғы немесе олар үшін қолайлы кез келген уақытта жыл сайынғы демалысқа басым құқық, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын беру.