Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Жасампаздық пен дамудың 30 жылдығы"тақырыбында бірыңғай ашық сабақ өткізілді.
10-11 сынып оқушылары ҚР-ның 3-ші онжылдықтағы жетістіктерімен толығырақ танысып, қорғау үшін материал ұсынды.
Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, құрылу және даму кезеңдері туралы білімдерін тереңдетті. Қорытынды кезеңде оқушылар Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасына тілек білдіріп, Қазақстанның болашағы олардың қолында, жас ұрпақ - қоғамның қозғаушы күші, ұлттың үміті деген қорытындыға келді.
Тарих пәнінің мұғалімі Аманбаева Р. Т.