«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ. ИДЕЯЛАР. ИННОВАЦИЯЛАР»
атты IІ Халықаралық педагогикалық байқауы
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Байқаудың мақсаты: педагогтардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің шығармашылық және инновациялық қызметін ынталандыру
Байқаудың міндеттері:
- педагогтардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін өзектендіру;
- жинақталған білімді жұмылдыру және қолдану, білім беру процесін тиісті ұйымдастыру арқылы шығармашылық әлеуетті қалыптастыру;
- педагогикалық ұжымда қолайлы инновациялық орта құру, кәсіби қызметтің стереотиптерін жеңу.
2. Байқауға қатысушылары:
1. Байқауға кез келген білім беру мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің; орта жалпы білім беру мекемелерінің; бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің; түзету білім беру мекемелерінің; балаларға қосымша білім беру мекемелерінің) педагог қызметкерлері қатыса алады.
2. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді.
3. Қатысу жеке немесе бірлескен болуы мүмкін. Бірлескен әзірлеме авторларының саны үштен аспайды.
3. Конкурсты өткізу тәртібі:
Конкурс қашықтықтан (сырттай) өткізіледі. Оған қатысу үшін мына электрондық поштаға macademy2020@mail.ru жұмысты, өтінімді және төлем туралы түбіртектің көшірмесін жіберулеріңіз қажет.
Конкурс секцияларының тізімі:
1) «Мектепке дейінгі білім беру»;
2) «Жалпы бастауыш білім беру»;
3) «Жалпы орта білім беру»;
4) «Кәсіптік (арнайы) білім беру»;
5) «Қосымша білім беру».
А. Сыздыкова