“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 4-5 қараша күндері «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасына (бұдан әрі-Олимпиада) қатысу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика пәні мұғалімдеріне және балақша тәрбиешілерін шақырады. Олимпмиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуды арттыру. Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етеді; компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіреді; оқытудың дәстүрлі және компьютерлік әдістерін ұштастыру есебінен білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша - 4 қараша күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Математика және мектепке дейінгі оқыту пәндері бойынша (балабақша тәрбиешілері үшін) – 5 қараша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Олимпиадаға қатысу үшін:
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтына тіркеліп, нұсқаулыққа сәйкес форманы толтыру қажет (нұсқаулық берілген).
Олимпиада тапсырмалары daryn.kz 4-5 қараша күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) онлайн-жобалар мәзірінде қолжетімді. Кезеңнің өту мерзімі- 60 минут.
Олимпиада қорытындысы бойынша сіздің жеке почтаңызға сертификаттар, сондай-ақ Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін "Дарын" РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдары жіберіледі.
Олимпиада Ережесімен www.daryn.kz сайтында танысуға болады.
А.Сыздыкова