Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап бітіру сыныптары үшін аралас оқыту қарастырылған.
Оқушылар мен студенттер үшінші тоқсаннан бастап қалай білім алады, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия zakon.kz.
Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ жұртшылықтың пікірін ескере отырып, оқыту сапасын қамтамасыз ету мақсатында ВАК-та шешім қабылданды.
Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық — эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70% — дәстүрлі форматта, 30%-қашықтықтан) көзделген.
Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оқушылардың білімдеріндегі шығындарды толықтыру үшін сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады.
Екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.