Өскелең ұрпақтың бойында ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 16 қарашада №3 ЖББМ-де қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлинге арналған "Парасаттылық сағаты" өткізілді. 1-4 сынып жетекшілері оқушыларды ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды.
Баланың құқықтарын қорғау-бұл мемлекет, қоғам әрекеттерінің өзара байланысты жүйесі. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар ратификацияланды. Сондай-ақ, мемлекетте кәмелетке толмағандардың құқықтары жазылған заңдар мен жарлықтар қабылданды. 2022 жылдың 16 қарашасында 5-7 сынып жетекшілері балалардың құқықтарын қорғау, соның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша сынып сағатын өткізді.
Адам құқықтары туралы негізгі жалпыадамзаттық құндылық ретінде жалпы түсінік қалыптастыру және оқушыларды адам құқықтары туралы декларацияның, ҚР Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында 2022 жылғы 16 қарашада №3 ЖББМ-де 8-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаты өткізілді.
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Ионина Ю. А.
e857bb19-26a9-4a2e-98c6-a8f35343bc17.jpg
da2f08d3-ef1c-4032-90e4-e80e5d750d8c.jpg
ebc85059-1662-48e7-acc4-2efcc4d72fe9.jpg
ac9b4d4a-d27d-427c-917d-37f2a0ef6ffd.jpg
1ba3df21-c953-43dc-b1eb-ab312152d619.jpg
22f72b36-b299-4253-af0a-6ff73097c422.jpg
9e729d3a-bb9e-4c64-9bc8-3cc89a3f6a03.jpg
5b3a8b0f-db18-47d9-b9dc-3823e1c47418.jpg
14b5a64a-717b-40cc-8498-e7a0f050f139.jpg
3ef1b6ae-3fdb-4c2e-989f-37383401cbf6.jpg