"Менің Қазақстаным – менің Республикам" кітап көрмесі

24.10.2025

Атбасар қаласындағы №3 мектеп кітапханасында 25 қазан — Қазақстан Республикасының күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге еліміздің тәуелсіздікке жету тарихын, алғашқы мемлекет қайраткерлерінің еңбегін және мемлекеттік рәміздердің маңызын таныстыратын кітаптар мен көрнекі материалдар қойылды.

Көрменің мақсаты — оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және туған жерге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу