Қазақстанда 2021 жыл үлкен датамен - Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Тарих беттерінен өтейік…
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл тарихи маңыздылығы жағынан дәуірлік оқиға және еліміздің басты ұлттық мерекесі.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті. 1991 жылғы жиырма тоғызыншы тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. 2021 жылдың тоғызыншы ақпанында шығармалары Қазақ ұлттық поэзиясының алтын қорына енген қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.Ақпан айының жиырма жетінші күні Қазақстанда халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтті, 2 қарашада қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады. 2021 жылы қоғам қайраткері, журналист, этнограф Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл, аты аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жыл және Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың 70 жыл толуы күтілуде.
Бүгінде Қазақстан-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет.
Ю. Н. Плаксина, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі