"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлағатты ұстаз - 2021

10.12.2021

Байқау Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай өткізіледі

Құрметті әріптестер! «Корифей» білім беру орталығы (Алматы қаласы) «Ұлағатты ұстаз - 2021» атты І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА тегін қатысуға шақырады!
Байқау Болашаққа бағдар - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы барысында өткізіледі.

«Ұлағатты ұстаз - 2021» атты мұғалімдер арасында өткізгелі отырған байқаудың мақсаты, міндеттері мен тәртібін анықтайтын, I Республикалық

Байқау ережесі мына нормативтік құжаттарға негізделген:

1) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ», 1 қыркүйек 2020;

2) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III. (24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

3) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар еңгізу туралы заңы. (4 шілде 2018 жыл №172-VI);

4) Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары (2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 ҚР БҒМ бұйрығы және 2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрығы); 5) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

6) «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы (№ 827 12.12.2017 ҚР Үкімет Қаулысы)

7) Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы, 2016 ж.

8) Болашаққа бағдар - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы.

Байқауға қабылданатын негізгі материалдар

Мұғалімнің жетістіктер портфолиосы:

Портфолио қатысушылардың соңғы 3 жыл аралығында жасаған жұмыс жетістіктерін құрауы керек;
Портфолио PowerPoint, PDF немесе WORD форматында қабылданады.

Өмірбаян:

Өмірбаян WORD редакторында("Times New Roman", 14 шрифт, жоларалық интервал-1.5, сол жақта 2 см.) эссе түрінде толық 3 бетті құрауы тиіс;
Байқауға арналған жұмыстар 3 тілдің (қазақ, орыс, ағылшын) бірінде болуы мүмкін;
Өмірбаянның 1-ші бетінде қатысушы өзінің жеке суреті мен 7-10 сөзден тұратын өмірлік ұстанымын көрсетуі керек(Instagram парақшасында жарияланады);
Өмірбаянда қатысушы өзінің ұстаздық өмір жолын жазуы тиіс.

Жеңімпаздардың өмірбаяны"Интерообразование" журналында жарияланады

Байқаудың өткізілуі

Байқау Сырттай(заочный) және Күндізгі(очный) кезеңдерде өткізіледі;
Байқауға қатысу тегін;
Байқауға қатысу үшін, Ұйымдастырушыларға өтінішті, портфолионы және өмірбаянды Korifey_center@mail.ru электронды почтасына жіберу керек:

Күндізгі(очный) кезең

23 қараша 2021 жыл мен 12 желтоқсан 2021 жыл аралығында өткізіледі

Сырттай(заочный) кезең

23 қараша 2021 жыл мен 24 желтоқсан 2021 жыл аралығында өткізіледі

Қорытындылау және марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар – бір реттік жарна жасауға міндетті (жарна сомасы жеңімпаздарға қосымша жарияланады);
Байқау қатысушылары автоматты түрде Ұйымның белсенді жетекшілерінің базасына енгізіледі;
Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жеңімпаздардың өмірбаяны бар "Интерообразование" журналы беріледі және Instagram парақшасына жарияланады;
Оқу орнының басшысына алғыс хат тапсырылады;
Марапаттау кешіне қатыса алмаған жеңімпаздарға аталған марапаттардың барлығы Қазпошта арқылы жіберіледі;
Жеңімпаздар ордендер мен медальдарды(Ұлағатты ұстаз - 2021) және марапаттарды 25-26 желтоқсан кундері Алматы қаласында өткізілетін кешімізде салтанатты түрде тапсыруға шақырылады;
Күндізгі(очный) кезеңде өткізілетін салтанатты кешке 80 мұғалім ғана шақырылады(орындар саны шектеулі);
Марапаттау кешінің бағдарламасының үлгісі:

Фуршет;
Мұғалімдерге арналған концерт-шоу программа;
Сыйлы қонақтарымыздың қатысуымен өткізілетін марапаттау рәсімі.

Өтініш үлгісі:

№ Қатысушының аты – жөні(толық)

Туған күні, айы, жылы

Жұмыс орны (лауазымы, жұмыс өкілі)

Қатысушының байланыстары (ұялы телефон, @mail)

Тұрғылықты мекен-жайы(индекс)

Басшының толық аты - жөні

Контакты:

Мобильный телефон: 8-707-207-70-08, 8-771-459-09-01, 8-707-675-03-20

WhatsApp: 8-707-207-70-08, 8-771-459-09-01:

Электронная почта: korifey_center@mail.ru

А. Сыздыкова

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.12.2021 08:42
Құрылған күні: 10.12.2021 08:42

Текст