Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы - 2022

14.10.2022

2022 жылғы 5 қазанда Көкшетау қаласының Достық үйінде облыстық салалық кәсіподақтардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында кәсіби қызметте нәтижелі жұмыс атқара отырып, "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы - 2022" облыстық байқауы өтті.

Бұл іс-шара алғаш рет салалық кәсіподақ ұйымдары аясында өтті. Оған әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларын ұсынатын 5 команда қатысты.

        Ақмола облысын білім беру қызметкерлері кәсіподағынан сайысқа "Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы ұсынды.

Байқауға қатысушылар үш кезеңге қатысты. Бірінші кезең – кәсіподақ комитетінің жұмысын қамтитын "Танысайық"; екінші кезең– сахналық шеберлікті көрсету қажет болатын "Үй тапсырмасы".  Үшінші кезең - "Мастер-класс" командалар еңбек заңнамасына сәйкес даулы жағдайларды шешті.

        Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды "Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы иеленді.

        Облыстық кәсіподақ Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Наймушинаға, кәсіподақ Атбасар филиалының төрайымы Р.Едрисоваға, Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің директоры

 З. Қасеноваға, сондай - ақ облыстық конкурсқа қатысушыларға алғысын білдірді.

  • IMG-20221005-WA0087.jpg
  • IMG-20221005-WA0079.jpg
  • IMG-20221005-WA0082.jpg
  • IMG-20221005-WA0068.jpg


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу