«ЖАС ҒАЛЫМ - 2020»
Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың
республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
Мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы (бұдан әрі – Байқау).
Мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
2.Байқауға қатысушылар
2.1 Байқауға Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. 2-11 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.
3. Байқауды өткізу тәртібі
3.1 Байқау 1 кезеңнен тұрады.
3.2 Байқау қашықтықтан өткізіледі.
3.3 Республикалық байқауға ұсынылған жобаларды бағалау үшін ұйымдастырушылар Байқау комиссиясын құрады;
4. Байқаудың бағыттары:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар 5 бағыттан, 17 секциядан тұрады:
І Бағыты «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар: Физика Техника Жер және Космос туралы ғылымдар
ІІ Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар: Математика Қолданбалы математика Информатика Экономика
ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»
Секциялар: Химия Биология Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
ІV Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық тұлға негізі»
Секциялар: Тарих Өлкетану Этномәдениеттану
VБағыты: Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері
Секциялар: Тілтану / Языкознание Әдебиет / Литература Ағылшын тілі/Английский язык
Жинақ жарнасы – 1500 (бір мың бес жүз) теңге.
А.Сыздыкова