«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мектептегі тәлімгерлік

27.09.2023

Жас мамандармен жұмыс жасау , оларға қолдау көрсетіп , тәжірибемен бөлісу- әр мекемеде жіті қадағаланып, үнемі назарда жүретін іс.Себебі жас адамның  білікті маман болып қалыптасуында аға буынның өнегесі, үлгісі орасан зор. Біздің мектебімізде де бұл жұмыс қолға алынып, ұжымымызға келген әрбір жас ұстазға тәлімгер тағайындалды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жас педагогі Базылбекова М.Қ. еңбектегі алғашқы қадамдарын жасауына дем беріп, кәсіптің қыр -сырымен таныстырып жүрген тәлімгер Байжанова Г.С. Жас маманның ұжымға, жұмысқа бейімделуі үшін біраз  жұмыс жүзеге асуда. Керекті нормативтік құжаттар мен мұғалім ісіне міндетті түрде қажет құжаттар жайында толық ақпарат алған жас әріптесіміз алғашқы сабақтарын сәтті өткізуде! Мадина Қуанышбековнаға ұстаздық жолында сәттілік тілейміз! Қадамыңызға нұр жаусын!



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст