"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда covid-19 науқастарының апталық өсімі 3 есеге артты

05.11.2020

Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастардың апталық өсімі үш есеге жуық артты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып Primeminister.kz.

Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды. Ол 2 қарашада өтті.

 

"5-18 қазан аралығында елімізде 1272 жағдай, 19 қазан мен 1 қараша аралығында 3352 жағдай анықталды. Бір тәулік ішінде 442 адам ауырып қалды. Өсім қарқыны-0,4 пайыз, репродуктивті көрсеткіш-1,4. Инфекциялық төсектер 22 пайызға, реанимациялық төсектер 18 пайызға жүктелген", - делінген хабарламада.

Жалпы, 2 қарашадағы жағдай бойынша науқастар санының өсуі еліміздің көптеген өңірлерінде байқалады, бірақ айлық көрсеткіш бойынша көшбасшылар Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары болды. Мамин емханаларды, стационарларды, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықпен толықтыруды жалғастыруды тапсырды.

 

Цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктеріне байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, санитариялық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді жеделдету, Индустрия министрлігіне өңірлерге рентген аппараттарын, жедел жәрдем автокөліктерін жеткізуді жеделдету тапсырылды. Әкімдіктерге-олардың қабылдануын жеделдету. Сондай-ақ ВАК Қазақстанның мемлекеттік шекарасында шектеу шараларын күшейту жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.11.2020 14:47
Құрылған күні: 05.11.2020 14:47

Текст