ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

08.12.2022

Жіті вирустық респираторлық инфекциялармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өрлеу кезеңінде ата-аналар үшін алдын алу шараларын сақтау және баласының денсаулық жағдайын бақылау аса маңызды және қажет. Тұмаудың негізгі белгілері:

* қалтырау, бас ауруы

* температураның 38,5 - 40° С дейін көтерілуі

* бұлшықет, буын ауруы, жалпы әлсіздік

* құрғақ жөтел, мұрыннан ағу

* құсу, бос нәжіс болуы мүмкін

* жас балаларда-летаргия немесе мазасыздық, тамақтанудан бас тарту

Тұмаумен және ЖРВИ-мен күресу ережелерін сақтаңыз, басқалардың оларды орындауын талап етіңіз. Бұл арқылы сіз тұмау мен вирустық жұқпалы аурулардың өршуін тез жоюға ықпал етесіз!

Сау болыңыз!

 

Сынып жетекшісі Бейсенова А.Б.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу