Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға білімін қайталау және бекіту үшін кеңес беру сабақтарын өткізу туралы ережесі

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы __________

№__ бұйрығына қосымша

 

 

 

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан

балаларға білімін қайталау және бекіту үшін кеңес беру сабақтарын өткізу туралы ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға білімін қайталау және бекіту үшін кеңес беру сабақтарын өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру туралы 42-тармағын орындау шеңберінде 2023 жылғы 4 қазандағы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру бойынша жол картасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына»; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына»; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес әзірленді.

  1. Ереже тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушыларда көп қиындықтар тудыратын күрделі тақырыптарды түсіндіру, білім олқылықтарын толтыру үшін кеңес беру сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібін айқындайды.
  2. Кеңес беру сабақтары тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, үлгермеуші, білім мазмұнын меңгеруде қиындықтары мен білімдерінде олқылықтары бар 8-11 сыныптардың білім алушылары үшін өткізіледі.
  3. Тұрмысы төмен отбасылардан білім алушылар санатына келесі білім алушылар кіреді:

толық емес отбасыларынан шыққан балалар;

аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

көпбалалы отбасылардан шыққан балалар.

  1. Топтарды жинақтау тиісті сыныптардың білім алушыларынан жүзеге асырылады.
  2. Кеңес беру сабақтары келесі бастамалар негізінде өткізіледі:

білім алушылардың;

ата-аналардың (заңды өкілдерінің);

сынып жетекшінің;

пән мұғалімінің;

әлеуметтік педагогтің;

психологтың.

  1. Кеңес беру сабақтары негізгі пәндер бойынша өткізіледі:
  • алгебра;
  • геометрия;

- химия;

- физика;

- биология;

- Қазақстан тарихы.

  1. Кеңес беру сабақтары білім алушылардың оқу орны бойынша жалпы білім беретін мектептерде өткізіледі:
  • оқу жоспары шеңберінде;
  • сабақтан тыс уақытта;
  • тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгермеуші білім алушылар таңдаған екі пән бойынша қиындықтар көп туындайтын күрделі тақырыптарды түсіндіру мақсатында айына 1 рет.
  1. Кеңес беру сабақтарының ұзақтығы 45 минуттан аспайды.
  2. Кеңес беру сабақтарын өткізу форматы – оффлайн.
  3. Кеңес беру сабақтарын өткізу үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады:

1) кеңес беру сабақтарын ұйымдастыруға жауапты:

  • директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • педагог-психолог;
  • әлеуметтік педагог.

2) кеңесші мұғалімдер:

Педагог-шебер, педагог-зерттеуші немесе педагог-сарапшы біліктілік санаты бар пән мұғалімдері.

  1. Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

кеңес беру сабағы – күрделі және ауқымды тақырыптарды түсіндіру, білімдегі олқылықтарды толықтыру, білімін қайталау және бекіту үшін кеңесші мұғалім өткізетін сабақ;

кеңесші мұғалім – педагог-шебер, педагог-зерттеуші немесе педагог-сарапшы біліктілік категориясы және үлгермейтін білім алушыларға күрделі, ауқымды тақырыптарды түсіндіру, қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізу тәжірибесі бар педагог;

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылар – «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында белгіленген негізгі пәндер бойынша үлгермеушілігі бар тұрмысы төмен отбасыдан шыққан білім алушылар.

 

Кеңес беру сабақтарының мақсаты мен міндеттері

 

  1.  Кеңес беру сабақтарының мақсаты тұрмысы төмен отбасыдан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға қиындық туғызатын күрделі және ауқымды тақырыптарды меңгеруде және қорытынды аттестаттауға дайындалуда көмек көрсету.
  2. Кеңес беру сабақтарының міндеттері:
  1. білім алушыларда қиындықтар тудыратын күрделі және ауқымды тақырыптарды түсіндіру;
  2. негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру;
  3. білім алушылардың білімін қайталау және бекіту;
  4. жиынтық бағалауға дайындық;
  5. қорытынды аттестаттауға дайындық;
  6. білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру;
  7. өзіндік жұмыс дағдыларын және оқу нәтижелері үшін жауапкершілікті дамыту;
  8. оқу үлгерімі деңгейін арттыру;
  9. жоғары білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жеке орталықтардың репетиторлық қызметтерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету;
  10. балалардың білім сапасы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

 

2. Кеңесші мұғалім мен ассистент-мұғалімнің құқықтары мен міндеттері

 

  1.  Кеңес беру сабақтарын ұйымдастыруға жауаптылардың құқықтары мен міндеттері:

15.1 Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының құқықтары мен міндеттері:

  •  

- тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу мақсатында кеңес беру сабақтарына қатысу;

-кеңесші мұғалімнен таңдалған пәндер бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларда білімнің өсуін талдау нәтижелері туралы ақпарат алу.

 

  •  

- кеңес беру сабақтарының кестесін уақытылы жасау;

- білім алушылардың кеңес беру сабақтарына қатысуын бақылауды жүргізу;

- кеңес беру сабақтарын себепсіз босатқан білім алушыларға қатысты шаралар қабылдау.

15.2 Педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтердің құқықтары мен міндеттері:

  •  

- тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың психоэмоционалдық жай-күйін мониторингілеу мақсатында кеңес беру сабақтарына қатысу;

- әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін үлгерімі төмен білім алушылардың мінез-құлқы, психоэмоционалдық жай-күйі бойынша кеңесші-мұғалімнен ақпарат алу.

 

  •  

- білім алушылардың психоэмоционалдық жай-күйін түзету бойынша іс-шаралар жүргізу;

- білім алушыларға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар өткізу;

- директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың кеңес беру сабақтарын себепсіз босатқан жағдайда шаралар қабылдау.

  1. Кеңесші мұғалім құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

- күрделі және көлемді тақырыптарды түсіндіру,  тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін мазмұнды анықтау, оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау және пайдалану;

- кеңес беру сабақтарын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

 

Міндеттері:

- таңдалған пәндер бойынша білім, білік және дағдылардың диагностикасын жүргізуге;

- тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы қиындықтары мен білімдегі олқылықтарын анықтауға;

  • кеңес беру сабақтарының қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуге;

- таңдалған пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуге және білімнің өсуіне талдау жасауға;

  • кеңес беру сабақтарын сапалы және жоғары әдістемелік деңгейде өткізуге;
  • білім алушыларға жеке тұрғыны қамтамасыз ету және оларға білім беру мазмұнын игеруде жеке көмек көрсетуге;
  • білім алушылардың дербестігі мен оқу нәтижелері үшін мен жауапкершілігін дамыту үшін жағдай жасауға;
  • білім алушылардың үлгерімін бақылауға, сабаққа қатысуы мен үлгерімінің есебін жүргізуге;
  • осы Ереженің талаптарын орындауға;
  • тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың ата-анасымен өзара әрекеттесуге;
  • мектеп әкімшілігі алдында жұмыс нәтижелері туралы есеп беруге.

 

3. Ата-аналар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың жауапкершілігі

 

  1. Ата-аналар міндетті:
  • білім алушылардың кеңес беру сабақтарына қатысуын қамтамасыз етуге;
  • үй тапсырмасының орындалуын бақылауға;
  • үйде оқу үшін қажетті жағдайлар жасауға.
  1. Білім алушылар құқылы:
  • кеңес беру сабақтарына қатысуға;
  • мұғалімнің жеке көмегін алуға;
  • сұрақтар қоюға;
  • өз пікірін білдіруге;
  • оқу мәселелері бойынша кеңес алуға;
  • пәндер бойынша цифрлық білім беру ресурстарын және өзге де қолжетімді электронды оқу ресурстарын пайдалануға.

Білім алушылар міндетті:

  • сабақтарға тиянақты қарауға;
  • мұғалімнің тапсырмаларын, соның ішінде үй тапсырмаларын цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып уақытылы орындауға;
  • тәртіпті сақтауға.

 

4. Кеңес беру сабақтарына қойылатын талаптар

 

  1. Кеңес беру сабағы – білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларда қиындықтар тудыратын күрделі және ауқымды тақырыптарды түсіндіруге бағытталған оқытудың нақты форматы.
  2.  Кеңес беру сабақтарын өткізу барысында талап етіледі:
    • білім алушыларда әдетте үлкен қиындықтар туғызатын мәселелерді игерудің жүйелі мониторингін жүргізу;
    • тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың ауызша жауаптар мен жазбаша жұмыстарда жіберген қателіктерін жан-жақты талдау;
    • қатыспаған сабақтар мен тақырыптар бойынша білім алушылардың материалды меңгеруін бақылау;
    • негізгі ұғымдар мен терминдерді, ережелер мен формулаларды жалпылау, олқылықтарды анықтау және тақырыпты зерделеу аяқталғаннан кейін оларды жеңу бойынша жұмысты жоспарлау үшін олардың пайда болу себептерін талдау;
    • кеңес беру сабақтары барысында оқу материалын баяндау кезінде білім алушыларға тақырыптың неғұрлым маңызды және күрделі элементтерін түсіндіру;
    • кеңес беру сабағы барысында білім алушылардың зерделеніп жатқан тақырыптың негізгі аспектілерін түсіну деңгейін міндетті тексеру;
    • оқу материалын игеру кезінде білім алушыларда туындаған сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру;
    • әртүрлі оқу құралдары мен әдістерін қолдана отырып, білім, білік және дағдыларды игеруге білім алушылардың танымдық қызығушылығын қолдау;
    • үлгерімі төмен білім алушыларға материалды дәйекті түрде баяндауға көмектесетін сұрақтарға жауап беру жоспарын ұсыну арқылы тапсырмаларды орындауда көмек көрсету;
    • жеке қажеттіліктерін ескере отырып, тақырыптың ең маңызды, күрделі және қиын аспектілері бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін тапсырмаларды таңдау;
    • алдыңғы өтілген тақырыптар бойынша ауызша жауаптар мен жазбаша жұмыстардағы қателерді жою бойынша жұмысты қамтитын өзіндік жұмыс үшін тапсырмаларды таңдау;
    • проблемаларды талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту мақсатында проблемалық жағдайларды қамтитын тапсырмаларды өз бетінше орындау үшін таңдау;
    • қиындық тудыратын тақырыптың күрделі аспектілеріне назар аудара отырып, өткен оқу материалын жүйелі түрде қайталауды ұйымдастыру;
    • жеке өзбетіндік жұмысты орындау шеңберінде білім алушылардың жиі кездесетін қателіктерімен жұмысты ұйымдастыру;
    • тиісті дағдыларды қалыптастыру үшін кеңес беру сабақтары шеңберінде өзіндік жұмысты орындау тәртібі туралы үлгерімі төмен білім алушыларға нұсқама беру;
    • оқу жүктемесінің асып кетуіне жол бермеу үшін басқа мұғалімдермен өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар көлемін нормалау;
    • күрделі тапсырмаларды орындау кезінде үлгерімі төмен білім алушылардың жұмысын бағыттайтын жадынамалары, нұсқаулықтары немесе тапсырманы орындау алгоритмдері бар карточкаларды кеңес беру сабақтарында қолдану;
    • жаңа тақырыпты игеру үшін қажет болатын өткен материалды өзектендіру арқылы білімді игерудің сабақтастығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету;
    • дербестікті және өз оқуы үшін жауапкершілікті дамыту үшін білім алушылардың өзін-өзі және өзара бақылау және өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын дамыту;
    • қажетті жағдайларда тапсырмалардың мазмұны, жаттығулардың нөмірлері мен реттілігі, оларды орындау мерзімдері көрсетілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жоспарын жасау (төменде үлгіні қараңыз).
  3. Кеңес беру сабақтарын тиімді ұйымдастыру және өткізу келесі принциптерді қолдануды талап етеді:
  1. мақсатқа бағыттылық принципі көздейді:
  • кеңес беру сабағының мақсатын нақты тұжырымдауды, яғни кеңес беру сабағы барысында нақты қандай білім мен дағдыларды игеру керектігін сипаттауы тиіс;
  • кеңес беру сабағының мақсатында білім алушыларға оқу материалын бейімдеу үшін олардың білім деңгейін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін есепке алуды;
  1. интерактивтілік принципі қарастырады:
  • білім алушыларды зерделеніп жатқан тақырып, оқу материалы бойынша сұрақтар қоюға, өз пікірлері мен қорытындыларын айтуға ынталандыруды;  
  • білім алушылар орындаған тапсырмалар мен сұрақтарға жедел кері байланыс беруді;
  1. оқытудың икемділігі принципі көздейді:
  • оқыту мазмұнын, түрлері мен әдістерін білім алушылардың динамикасына бейімдеуді, талқылау барысы мен білім алушылардың мүдделеріне байланысты кеңес беру сабағының барысын өзгертуге дайындықты;
  • білім алушылар тобымен де, жеке білім алушылармен де жұмыс істеу үшін әртүрлі деңгейлі тапсырмалар беруде көрініс табатын білім алушыларға жеке көзқарасты қамтамасыз етуді;
  1. практикалық бағыттылық принципі қарастырады:
  • білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған міндеттерді шешуді, білім алушылардың нақты өмірі мен практикасына жақын міндеттер мен жаттығуларды кеңес беру сабағына кіріктіруді;
  • білім алушыларды зерттеуге тартуды, алған білімдерін зерттеу жобаларында, эксперименттерде және практикада қолдануға ынталандыруды;
  1. рефлексия принципі білдіреді:
  • кеңес беру сабағының соңында білім алушылармен зерделенген мәселелер бойынша рефлексия жүргізуді, сабақтың мақсаттарына жету дәрежесін бағалауды талап ететін кеңес беру сабақтарындағы оқу жетістіктерін жүйелі талдау және бағалауды;
  • білім алушыларды өзін-өзі және өзара бағалауға ынталандыруды, ол өзінің оқу жетістіктерін өзі және өзара бағалау және кеңес беру сабақтары шеңберінде одан әрі оқу бағыттарын анықтау арқылы жүзеге асырылады;
  1. білім беру және цифрлық технологияларды пайдалану принципі көздейді:
  • кеңес беру сабақтарында педагогикалық технологиялар мен цифрлық ресурстарды, атап айтқанда, сабақты байыту және білімді тереңдету үшін онлайн-ресурстар мен білім беру платформаларын белсенді қолдануды.
  • кеңес беру сабақтарына көрнекілік пен оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін мультимедиялық, бейне, аудио және интерактивті презентацияларды қосуды.
  1. Кеңес беру сабақтары міндетті:
  • тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларда таңдалған пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды жоюға ықпал ету;
  • тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға үлкен қиындықтар туғызатын күрделі және ауқымды тақырыптарды игеруге ықпал ету;
  • жиынтық бағалауға дайындалуға және қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуге ықпал ету;
  • оқу жоспарына сәйкес болуы;
  • кеңес беру сабақтарының қысқа мерзімді жоспарына сәйкес болуы;
  • әдістемелік сауатты болуы;
  • оқытудың әртүрлі әдістері мен түрлерін, заманауи білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстары мен электрондық оқыту материалдарын пайдалана отырып жүргізілуі;
  • тұрмысы төмен отбасылардан білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескеруі;
  • білімді қайталау мен бекітуге бағытталуы;
  • білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы;
  • білімді бақылау және бағалау элементтерін қамтуы тиіс.
  1. Мектеп әкімшілігі және мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктері кеңес беру сабақтарының өткізілуін бақылауды қамтамасыз етеді.

 

5. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың білімдерін қайталау және бекіту үшін консультация-сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу түрлері, әдістері, құралдары мен талаптары

 

  1.  Кеңес беру сабақтарында оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері қолданылады: жеке, жұптық, топтық (жалпы сыныптық және шағын топтардағы жұмыс) және ұжымдық (ауыспалы құрамдағы жұптардағы жұмыс).
  2.  Кеңес беру сабақтарында қолданылатын негізгі әдістерге түсіндірме-иллюстрациялық, репродуктивті, проблемалық және зерттеу әдістері жатады.
  3. Оқытудың негізгі құралдары және білім беру ресурстары ретінде оқулықтар мен оқу құралдары, оның ішінде электрондық, интернет-ресурстар, үлестірме материалдар, дидактикалық материалдар, оқытудың техникалық құралдары, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық ресурстар қолданылады.
  4.  Мектепте кеңес беру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін тиісті жағдайлар жасалуы керек:
  • жабдықталған кабинеттің болуы;
  • оқу материалдарының жеткілікті саны;
  • қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера;
  • ақпараттық ресурстарға қол жеткізу.

 

 

6. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау

 

  1.  Кеңес беру сабақтарында алған білім алушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын бағалау жүйесі объективтілік, саралау және ынталандыру талаптарына жауап беруі тиіс.
  2. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау қалыптастырушы (ағымдағы бақылау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау) және жиынтық (бөлім/тоқсан бойынша, қорытынды бақылау) бағалау негізінде жүзеге асырылады.
  3. Кеңес беру сабақтарында бағалаудың келесі түрлері қолданылады: ауызша сұрау, жазбаша жұмыстар, тестілеу, жобалар.
  4. Кеңес беру сабақтарында оқу нәтижелерін бағалау әрбір пән бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.
  5. Бағалау нәтижелері кеңес беру сабақтарының есепке алу журналында тіркеледі.

 

 

Үлгі

 

Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жоспары

 

Білім алушы аты-жөні ________________________________  

Оқу пәні ________________________________

 

№

Білім алушы

ның жиі кездесетін қателіктері

Білімдегі олқылықтар

мен байланысты тақырыптар

Білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға арналған тапсыр

малар

Орындау туралы белгі

Орын

дау мерзімі

Ескертпе-лер

  1.  

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

  1.