"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагог мамандығы» Атты I Республикалық педагогикалық байқау ЕРЕЖЕСІ

14.05.2021

 КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 Қатысушылардың жұмыстары электрондық түрде келесі электрондық мекенжайға: world_of_best@mail.ru (Педагог мамандығы) белгісімен жіберіледі. Материал MS WORD мәтіндік форматында, PowerPoint презентациясы немесе бейнеролик түрінде дайындалады (материал цифрлық фото-бейне камераларға жазылып, кез келген қолжетімді техникалық құралдармен монтаждалған).      

 Материалдардың тақырыбы шектелмейді, бірақ материалдар білімдік сипатта болуы керек.

 Байқауға еркін номинациядағы жұмыстар қабылданады. (Байқауға әдістемелік әзірлемелерді ұсынуға болады, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктеріңізбен бөлісуге, практикада қолданылатын педагогикалық тәсілдерді сипаттауға, педагогикалық тәжірибемен бөлісуге болады. Жұмыстың түріне, формасына және құрылымына ешқандай шектеулер жоқ.)

Жұмыста: тақырып, автордың аты, лауазымы, мекеменің атауы, мекеменің мекен жайы болуы керек.

Байқау жобалары авторлық болуы керек, яғни қатысушы тікелей өзі дайындаған.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

шығармашылық және жаңалық;
жұмысты рәсімдеу дизайны;
мәтіндік материалдың сауаттылығы;
техникалық орындаудың сапасы мен күрделілігі;
оқуға деген ынтаны арттыратын тәсілдер мен әдістерді қолдану.
білім алушылардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін қолдау.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

Байқауға қатысу ерікті болып табылады (сырттай).

Педагогикалық жұмыс тәжірибесі және қатысушылардың жасы шектелмейді.

Байқауға бастауыш, негізгі және орта (толық) жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, оның ішінде психологтар, логопедтер, музыка қызметкерлері, әр түрлі мамандандырылған білім беру мекемесінің, қосымша білім беру мекемелерінің қызметкерлері, орта кәсіптік білім беру мекемелерінің мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру педагогтары, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждерінің студенттері қатыса алады.

 Байқауға қатысу үшін: өтініш пен жұмысты world_of_best@mail.ru электрондық поштасына жіберу; ұйымдастыру ақысын уақытылы төлеп, төлем туралы түбіртекті жіберу.

 

Өтініштерді қабылдау:                   12.04 бастап 17.05.2021 дейін

Қорытындылау:                                  18.05 бастап 20.05.2021 дейін

 

ӨТІНІШТІ ЖІБЕРГЕННЕН КЕЙІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТКЕ ЕРЕЖЕДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НӨМІРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ (өтінішіңіздің қабылдануына байланысты)

 Қатысу құны 2000 (екі мың теңге)

Банк реквизиттері:

«World of Best»

Республикалық дамыту орталығы

БИН: 970324400237

ИИК: КZ31722S000006720608              

БИК: KASPKZKA

КБЕ: 19

КНП: 861

Банк: АО «Kaspi Bank»

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

А. Сыздыкова



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.05.2021 08:50
Құрылған күні: 14.05.2021 08:50

Текст