Текст
«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 қаңтар күні 10–11 сынып оқушылары үшін «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерімен, ҚР Конституциясының нормаларымен, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түрлерімен таныстырылды. Құқықтық сағат аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға және әділеттілік қағидаттарына құрметпен қарауға бағытталған өмірлік құқықтық жағдаяттар талқыланды.