«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау

04.08.2020

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі.

Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады. Еске салсақ, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Кемерова К.К.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст