2026 жылғы 13 мамыр күні мектебімізде Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарының өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті:
— Военный институт радиоэлектроники и связи РК
— Военный институт Сухопутных войск РК
— Военный институт сил воздушной обороны им. Т.Я. Бегельдинова
— Военный колледж имени Ш. Уалиханова
Кездесу барысында оқушыларға оқуға түсу шарттары, әскери мамандықтар мен даярлау бағыттары, сондай-ақ оқу перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әскери оқу орындарының өкілдері әскери білімнің артықшылықтарын атап өтті: тәртіп, тұрақтылық, мансаптық өсу мүмкіндігі, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және патриоттық тәрбие.
Оқушыларға курсанттардың өмірі, оқу үдерісі, спорттық және әскери-практикалық дайындық туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар қонақтардың сөздерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпарат алды.