АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Республикалық «Талапты, талантты жастар» интеллектуалды білім порталы 2020 жылдың қараша айына байқау жариялайды. Бұл байқауға республикамыздың барлық қалалары мен облыстарында мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәжірбиелі ұстаздары мен білім алушылары және балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатыса алады.
Балабақша балалары, даярлық топтары және 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің байқау жұмысы төмендегі тақырыптар бойынша қабылданады:
1. «Ұша алатын жалғыз сүтқоректі» - (шығарма жазу және суретін салу).
2. «Мен зерттеушімін» - (4 тізесі бар жалғыз жануар, суретін салу және эссе жазу).
3. «Мен зерттеушімін» - (жүре алмайтын құс).
4. «Ара балы, дертке дәрі» - (ертегі құрастыру).
5. «Қос ішек күмбірлегенде...» - (ән, күй).
6. «Менің сыныбым» - (өзгеше презентация).
7. «Жаңылтпаш айт, жаңылма» - (оқушы жаңылтпашты жатқа жаңылмай, түсінікті айту керек).
8. «Саулық - сақтықтықта» - (шығарма, сурет).
9. « Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең!» - (мәнерлеп оқу байқауы).
10. «Ізгілік тілесең - ізгі бол» - (шығарма жазу).
11. «Сиқырлы қылқалам» - (сурет байқауы).
12. «Ғылыми жоба» - (қатысушы өзінің ғылыми жұмысын жібереді).
13. «Сөздің ең ұлысы-тарих» - (қатысушы өзінің туған жерінің тарихын жазады).
14.» Үміт өрге...» - (өлең жолдарын жазу, шығарма, сурет).
15. «Өнерлінің өрісі ұзақ» - (балалар шығармашылығы).
Мұғалімдерге берілген байқау тақырыптары:
1.Үздік іс-шара (қатысушы мерекеге байланысты іс-шара жоспарын немесе есебін жібереді)
2. Үздік ашық сабақ
3. Үздік мұғалім портфолиосы
4. Үздік сабақ жоспары
5. Үздік ғылыми зерттеу
6. Үздік мұғалім презентациясы
7. Үздік қаламгер
А.Сыздыкова