ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ!
«ҰЛАҒАТ» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында акиық ақын,қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында шығармашылық байқауға қатысуға шақырады!
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру,өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жүрегімен түсінуге үйрету.
Мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін,тума талант,табиғи дарындарды анықтау.
БАЙҚАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
«ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» - М.Мақатаев шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу.Қатысушы ақынның бір өлеңін таңдап,аудио немесе видео нұсқада жолдайды.
«ХАНТӘҢІРІНІҢ МҰЗБАЛАҒЫ» - М.Мақатаев шығармашылығы,өмірі,оқырманымен арасындағы рухани байланысын суреттейтін эссе,шығарма жазып жолдайды.
«ЖАҚСЫ СӨЗІМ-ЖАНЫ ИГІ ХАЛҚЫМ ҮШІН» - оқушылар,қатысушылар сұлу сөзді серік етіп ақынның болмысы,шығармашылығы,өмірі жайында авторлық өлеңдерін ұсынады.
«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ» - ақынның өлеңіне жазылған ән орындау.
БАЙҚАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ:
Мерзімі: 10 қаңтар – 31 қаңтар 2021 жыл аралығында өтеді.
Байқауға қатысу үшін 400 тг төлем ақысы төленеді.
Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады.
Жас ерекшеліктеріне қарай іріктеледі.
1-4сыныптар,5-8 сыныптар,9-11 сыныптар аралығында
Эссе жұмыстары Word форматында, сурет, видео түрінде жіберілетін жұмыстарды телефон камерасына түсіріп жіберуіне болады.
Қатысушы ulagatcenter@mail.ru почтасына жарна төленген түбіртек көшірмесін, байқау жұмысын және өтінішін,яғни қатысушының, жетекшісінің, байқау номинациясы жазылған парақ қосып жолдануы тиіс.
Байқау шарттарымен толық сәйкес келген жұмыстың барлығына алғыс хат беріледі. Орын алған қатысушылар арнайы дипломмен, жетекшісі жеке алғыс хатпен марапатталады. Байқау қорытындысы байқау уақыты аяқталғаннан кейін жіберіледі.
Марапаттар электронды түрде жіберіледі.
Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен арнайы құрылған комиссия мүшелері айналысады және қатысушыларды тіркеп,тексеріп қорытынды шығаратын болады.
Байқауға қатысу туралы өтініш үлгісі:
Байланысу үшін реквизиттер:
8(777)-827-21-84 whatsapp бар
Қатысу жарнасы үшін реквизиттер:
Kaspi Gold: ИИН:940714400658
8(747)-833-69-75 (каспи голд номер)
Жауапты әдіскер: Сандуғаш Өмірбекқызы ulagatcenter@mail.ru
А. Сыздыкова