«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» жобасы – Қазақстан Республикасындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау, олардың мәртебесін көтеру және тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің ең озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатындағы үлкен жоба!
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» білім беру саласының барлық қызметкерлері үшін (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.).
Байқаудың мақсаты
Әлеуметтегі аса маңызды мамандық ретінде ұстаз мамандығына қоғамның назарын аудару Ұстаз еңбегін бағалау және ынталандыру
Ұстаздарға өзінің зияткерлік және шығармашылық қорларын байқау арқылы көрсетуге мүмкіндік беру.
Cайыс міндеттері
Ұстаздардың кәсіби іс-әрекетін белсендіруге атсалысу
Ұстаз жұмыс тәжірибесін жалпылау мен таратуға ықпал ету
Кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұстаздардың өзара әрекеттесуінің кеңеюіне ықпал ету Республика деңгейінде мұғалім мамандығын тиісті бағалау мен мәртебесін көтеру
Байқауды өткізу мерзімі: 08.11.2021 – 22.11.2021 ж.
Байқауға қатысу тілі: қазақ және орыс.
Жұмысты қабылдау пішімі: Педагогикалық партфолио
Конкурс шарттары: Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2 санат бойынша қабылданады. 1-ші санат: "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" ордені (номинация: "Педагогика ардагері", "Ұлы
педагог", "Үздік педагог", "Ұлт ұстазы") және "Ы.Ы. Алтынсарин"төсбелгісі. Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы шарт.
2-ші санат: "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" (номинация:"Педагогика саласындағы үздік маман","Білім беру процесін дамытуға қосқан үлесі үшін"," Құрметті педагог"," Үздік жас педагог"," Үздік педагог"," Үздік педагог-психолог"," Үздік тәрбиеші") және "Ы.Ы.
Алтынсарин"төсбелгісі. Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы шарт.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» жеңімпаздары республикалық деңгейдегі медальдарға, медаль куәлігіне, дипломның "тірі" мөрімен қағаз нұсқаға ие болады, сондай-ақ сіздің оқу орныңыздың директоры "БІЛІМ" РОБ алғыс хатының қағаз нұсқасын "тірі" мөрімен алады. Ескерту: "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ " конкурсына қатысуға өтінімді толтырған кезде бағытты және төсбелгі атауын көрсетулеріңіз қажет!
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әрбір қатысушы ұйымдастырушылар ұсынған құжаттар тізімін толтырып, оларды қауымдастықтың электрондық мекен-жайына жіберу керек bilimo@bk.ru (конкурсқа қатысу үшін құжаттарды толтыру үлгілері қосымшада көрсетілген). Жіберілген құжаттарды арнайы құрылған сараптама комиссиясы тексереді және бағалайды. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша үздік деп танылған қатысушылар төсбелгілерге лайық деп
танылады және жеңімпаз деп жарияланады.
Байқауға қатысу құны-Тегін.
Жеңімпаздардың атынан төлем құны-қосымша хабарланады.
Төсбелгінің жеңімпаз-иегерлері бір жолғы жарнаны төлеуге міндетті болады (бір жолғы жарнаның құнын ұйымдастырушылар қосымша хабарлайтын болады).
Конкурстың қорытындылары өтінім алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде болады!
Анықтама телефоны: +7 775 131 53 01, WhatsApp желісі: +7 775 131 53 01
Instagram парақша: OLIMPIAD_BILIM, Электрондық пошта: bilimo@bk.ru
А. Сыздыков