"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҮЗДІК ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

23.10.2020

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында                              ХI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.

Құжаттар ү.ж. 14 қарашасына дейін қабылданады.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Байқау Ережесі Қазақстан ПҒА Жарғысына сәйкес дайындалған.

Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау.

Байқауды өткізуді ұйымдастыру:

Байқаудың ашық және дұрыс өтілуін қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясы құрылады.
Байқау комиссиясына жоғары білікті мамандар, педагогтар тартылады. Комиссия төрағасы – Қазақстан ПҒА президенті.

Байқаудың өткізілу реті:

Байқау жылына 2 рет өткізіледі;
Байқауға құжаттарын тапсыру уақытына дейін үздіксіз еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және жұмыста жеке үздік көрсеткіштері барбілім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру керек:

өтініш (үлгі бойынша)*.pdf, *.jpg, *.jpeg, *.png форматында;
байқауға қатысушының кәсіби іс-әрекетінде жеткен жетістіктеріжазылғананалитикалық есебі (2-3 бет)Word форматында;
байқауға қатысушының түйіндемесіWord форматында;
ғылыми, әдістемелік еңбектері мен БАҚ-да жарық көрген мақалалар тізімі(тек қана шығыс мәліметтері көрсетілген тізімді жіберу керек, материалдардың өздерін және портфолио тапсыру қажет емес)Word форматында;
3х4 сурет (электронды түрде *.jpg, *.jpeg, *.pngформатында);
мақсатты ұйымдастыру жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртек.

Мәліметтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
Байқаудың мәліметтері қағаз немесе электронды нұсқада 3-бөлімде көрсетілгендей етіп жинақталуы және пошта арқылы немесе Академияның электронды адресіне жіберілуі керек.

 

А. Сыздыкова



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.10.2020 10:19
Құрылған күні: 23.10.2020 10:19

Текст