«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Сейітжан Омаров туралы бірер сөз

08.06.2021

 Сейітжан атамыз жылы Атбасар ауданындағы Керегетас ауылында дүниеге келген. Әкесінен жеті жасында жетім қалған жеткіншек туған ауылындағы бастауыш мектепте сауатын ашады. Одан кейін Атбасар қаласындағы жетіжылдық орыс-татар мектебінде оқиды. Жасынан білімге құштар жігіт өзін ілгері жетелеп, Қостанай халық ағарту институтын аяқтайды. Алғашқы еңбек жолы ұстаздықтан бастап, жергілікті жауапты орындарда жұмыс істейді. Жасынан сөз өнеріне ғашық бозбала журналистік жолға түседі. Аудандық және Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде жауапты хатшы болды. Сол кезде оның өлеңдері облыстық, республикалық мерзімді баспасөзде жарияланып, көпшілікке танылады.

Бұл жерде көрнекті жазушы Ілияс Есенберлин дүниеге келген. Туған жерінің тарихын хатқа түсірген этнограф Клара Әмірқызының да осында кіндік қаны тамған. Міне, осындай айтулы тұлғалардан кейін текті өңірден суырылып шыққан көркем сөз зергері көрінбеді. Кезінде Атбасар арғы-бергі жақсылар бас қосып, жиын өткізетін, жүйрік ат саудалайтын орталық болған. Азаттық орнағаннан бері Атбасар өлкесі арайланып келеді. Қазақ, орыс мектептері қайта ашылды. Кім біледі, сол оқу ордасындағы білім алып жатқан жеткіншектер арасында Ілияс пен Сейітжан аталарының жолын жалғайтын, қара сөзді пір тұтқан қара бала өсіп келе жатқан шығар?! Жақсылар салған жол жалғасады деп сенеміз.
 

Автор Абдугалиева А.Т.
 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст