«ADEBI.KZ» интеллектуалды порталы әр ай сайын Республика деңгейінде ұйымдастырылатын кезекті интернет байқауына қатысуға шақырады. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдері төмендегі тақырыптар бойынша қатыса алады.
Оқушыларға арналған байқаулар
- Құтқарушылар күні (19 қазан - ҚР Құтқарушылар күніне орай сурет, эссе, шығарма жазады)
- Күз келбеті (Қатысушы күз тақырыбына өлең, шығарма немесе сурет салады)
- Жас полиглот (Қатысушы орыс,ағылшын және басқа шет тілінде ән айтып, өлеңді мәнерлеп оқып немесе шығарма жазады)
- Биология әлеміне саяхат (қатысушы биология әлеміне қатысты сурет, эссе, шығарма,ғылыми жұмыстарын жібереді)
- Жас таланттар жарқылы (Қатысушы ән-би және т.б өзінің талантты қырларын видео түрінде жібереді)
- Біздің балабақша (Қатысушы балабақшада түскен фотоестеліктерімен бөліседі,ән-би, тақпақ немесе шығарма жазады)
- Менің арманымдағы үй (Қатысушы арманындағы үйдің суретін, фотосын салып немесе шығарма түрінде сипаттайды)
- Қиыннан қиыстырар ер данасы (Қатысушы еркін тақырыпта өлең шығарады)
- Менің сүйікті мульткейіпкерім (кез келген мульткейіпкердің суретін салады немесе сол туралы шығарма жазады)
- Қазақтың би - шешендері (Қазақтың билері мен шешендері жайлы тарихи мәліметтер. Эсседе нақты бір тұлға туралы қызықты деректер қамтылуы керек)
- Ғажайып сурет әлемінде (Қатысушы еркін тақырыпта салған суретін жібереді)
- Өлең - сөздің патшасы (Қатысушы өзі таңдаған кез келген өлеңді мәнерлеп оқиды)
- Әдемі жазу (Мұқағали Мақатаев- « Күзгі кеште »өлеңін дәптерге немесе ақ параққа көшіріп жазу)
- Жас ғалым (Қатысушы өзінің ғылыми жұмысын жібереді)
Мұғалімдерге арналған байқаулар
- Жаңа бағыт (ашық сабақ байқауы)
- Қосымша білім (сабақтан тыс жұмыс)
- Баламен жұмыс (Мақала)
- Сабақ үлгісі (Сабақ жоспары байқауы)
- Үздік презентация
Байқауға қатысу үшін:
Байқау 22-қазан мен 2-қараша аралығында жүреді.
Байқауға келіп түскен жұмыстардың қорытындысы (дипломдар) байқау аяқталған соң 2 күн ішінде жіберіледі
Жарна төлеу. (Жарна құны әр байқау үшін 400 теңге);
Сұраныс кесесін толтыру. (Қатысушының аты-жөні, оқу орны, сыныбы, мұғалімі, байқау аты)
Төленген түбіртектің көшірмесін жұмыс және қатысушы туралы сұраныс кестесімен қосып adebiqaz@mail.ru электронды поштаға жіберу. (Бірнеше қатысушының ақшасын бір түбіртекпен төлеуге болады);
Төмендегі сұраныс кестесін толтыру міндетті. Толтырылмай жіберілген жұмыстардың қорытындысы кешіктіріліп жарияланатынын
ескертеміз. Сертификаттар байқау аяқталған соң 2 күн ішінде жіберіледі
А.Сыздыкова