«БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМІ» Республикалық оқушылар байқауы
Пәні: жалпы пәндер
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары( колледж студенттері)
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 15 қазанға дейін 2020 жыл
Қорытынды уақыты: жұмыстар қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күн ішінде
Ұйымдастырушы
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы
1.Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға, сурет салуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- Ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Тапсырма. Байқауға қатысушы оқушылар осы тақырыпта фото суреттер жолдайды.
Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, өзінің толық аты- жөнін, мекен-жайын және жетекші мұғалімінің аты-жөнін, байланыс номерін қоса жолдауы керек.
Егер бір сыныптан бірнеше оқушы қатысатын болса, арнайы тізім жасап бір құжатпен жолдауы тиіс!
2.Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
- Әрбір қатысушы байқауға қатысу жарнасын төлеу керек . (байқау жарнасы әр қатысушыға 300 теңге)
- Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.
- Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін n_ortalyk@mail.ru почтасына жолдауы тиіс.
- Байқауға жіберілген жұмыстар jpg және doc форматында қабылданады.
А.Сыздыкова