«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мектеп түлектерінің ТЖ өкілдерімен кәсіби бағдар бойынша кездесуі

03.03.2023

2023 жылдың 2 наурызында "Атбасар қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында қалалық мектептердің түлектерімен, мұғалімдерімен және ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өтті. Бұл кездесуге Атбасар қ. 4-МӨСБ бастығы Т. С. Ысқақов, 4-МӨСБ бастығының орынбасары К. К. Базылбеков, Атбасар қ. ТЖБ аға инженері Д. Д. Нұрпейісов, Атбасар қ. ТЖБ аға анықтаушысы А. А. Аманжолова қатысты. Аудитория назарына Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясы туралы ақпараты бар бейнероликтер мен буклеттер ұсынылды. Талғат Сергеевич қатысушыларды осы оқу орнына түсу шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, қатысушылардың назарына күндізгі оқуға қабылдау 4 кезеңде жүзеге асырылатынын жеткізді. Негізгі шарт-ҰБТ-ның жақсы нәтижелері. Студенттерге жатақхана беріледі, стипендия төленеді. Бұл азаматтық қорғаныс Академиясы — Қазақстан бойынша осындай біліктілік мамандарын даярлайтын жалғыз оқу орны.

 

А. Сыздыкова



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст