Мектебімізде «Даналық» клубының кезекті отырысы «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында өтті.
Іс-шара ата-баба дәстүрін сақтау, үлкенді құрметтеу және ұрпақтар сабақтастығы мәселелеріне арналды. Отырыс барысында оқушылар отбасы құндылықтары, тектілік, ата-баба аманаты мен ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісті.
Кездесудің қорытынды бөлімінде оқушылар аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде үлкендер де балаларға алғыстарын айтып, оларға білімде табыс, тәрбиелілік, туған жері мен ата дәстүрін құрметтеуді тіледі.
«Даналық» клубының отырысы өте жылы, достық әрі әсерлі жағдайда өтті. Іс-шара барлық қатысушылардың көңілінен шығып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайта түсті.