"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

03.06.2021

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа әр тараптан 9 өкілден комиссияның 27 мүшесі шақырылды.

Бейнебайланыс режимінде өткен отырысты Комиссия төрағасы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Қаринова ашып, жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

 

- «Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2020 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы» және

- «Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары В.Беженаров баяндады;

 

- «Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы туралы» ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы Р. Меңдалиева айтып берді.

 

- ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындылары туралы Салалық кәсіподақтың төраға орынбасары Ә.Әбиева ақпарат берді.

 

Комиссия мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылауды дамыту мәселелеріндегі оң жұмысын атап өтті.

 

Келісім Тараптары Білім және ғылым саласындағы қоғамдық бақылау институтын одан әрі дамыту және жұмыс берушілер өкілдерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыру шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге қарсы іс-қимыл жасау жағдайларын болдырмау туралы шешім қабылдады.

 

Салалық комиссия отырысы сындарлы жағдайда өтті.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.06.2021 13:53
Құрылған күні: 03.06.2021 13:53

Текст