2021 жылғы 22-25 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы үздік бейнеролик түсіруден «Сүйкімді үй жануарым» облыстық сырттай байқауының қорытындысын шығарды.
Байқау қоршаған орта мен үй жануарларына мейірімділікпен, жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Байқауға Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бурабай, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 365 оқушының бейнеролигі келіп түсті.
Қатысушылардың бейнероликтерін білікті қазылар алқасы бағалады: Коспанов Нуржан Минайдарович–«Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ-ның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы; Алтынбаев Абылайхан Баташұлы – блогер, Free house-тың негізін қалаушы; Ботанов Арнай Болатұлы – блогер, видеограф; Сейтхожина Дана Бериковна – Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» SMM менеджері; Есекеева Мансия Мұхтарқызы – Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.
Қазылар алқасының шешімімен келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
Кіші буын (0-4 сынып)
1 орын –Мыңжасар Айару.Зеренді ауданы,Зеренді селосы №1 мектебі;
1 орын –Тен Лиза. №2 Красный Яр ОМ.
2 орын – Шакирова Таисия. Көкшетау қаласы №6 ОМ
2 орын –Еслямбек Жанерке. Көкшетау қаласы, № 22 ОМ.
2 орын – Каппасова Аника. Целиноград ауданы, Софиевка ауылы №21 ОМ.
3 орын –Абдуллин Денис. Степногорск қ. білім бөлімінің «В.Комаров атындағы Шаңтөбе кентінің ОМ»;
3 орын – Андреева Катя. Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы Досов атындағы ОМ;
3 орын – Төлеген Асанәлі - Көкшетау қаласы,С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі.
Орта буын (5-8 сынып)
1 орын – Родичкина Дарья – Көкшетау қаласы №6 ОМ;
1 орын – Будко Валерия – Астрахан ауданы, Балалар мен жастар шығармашылығының орталығы;
2 орын – Шертанов Дамир – Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының ОМ.
Жоғары буын (9-11 сынып)
1 орын – Болатжан Шыңғыс. Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы;
2 орын – Зарлық Жантөре - Қорғалжын ауданы, Қараегін ауылы, Шоқан Уәлиханов атындағы ОМ.
Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша қатысушылар марапатталады:
«Қайырымды бала» номинациясы:
Жеңіс Алимұрат– Көкшетау қаласы, Әл Фараби атындағы IT лицейі;
Жанат Алдияр – Целиноград ауданы, Қараөткел №2 ОМ.
«Жас жануар үйретуші» номинациясы:
Шайлятова Адема – Бурабай ауданы, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі;
Жангалов Алан – Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясы;
Кочелабова Виктория – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №1 мектеп-гимназиясы.
«Жас зоолог» номинациясы:
Абдужаббарова Кира - Көкшетау қаласы, №2 жалпы білім беру мектебі;
Левина Софья – Целиноград ауданы, №24 Жалғызқұдық орта мектебі.
Жеңімпаздар мен номинация иеленушілеріне Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының дипломы беріледі.