2021 жылғы 28 қаңтары күні Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. А. Жүсіповке Kundelik.kz-тен «Қола белгі» табысталды.
Ақмола облысында бес жылдан бері мектептердің мұғалімдері kundelik.kz платформасымен жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
Платформаның артықшылықтарын жүзеге асырудағы үлкен рөлді Б. Қадыров басқаратын Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы атқарады.
:computer:. Кездесуде «Kundelik.kz» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов платформаны белсенді және үнемі қолданғаны үшін Ақмола облысының мұғалімдеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, kundelik.kz жүйесінің кеңейтіліп жатқанын, Майкрософт Тимс базасында сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына біріктірілген ақысыз бейнеконференция жүйесі құрылғанын баяндады. Хабар және Ел-Арна арналарында әзірленген дәрістерге негізделген ақысыз бейнесабақтарға қолжетімділік артып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Күнделік 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады және электрондық журналдың ең белсенді пайдаланушыларын марапаттауға шешім қабылдады. Журналдарды сапалы және уақтылы толтыру бойынша көшбасшылар арасында Ақмола облысының мектептері!
Сіздердің еңбектеріңіз бен жеделдіктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолданушылық шеберлігіңіз педагогикалық қызметке уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді!