"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚИО олимпиадалары прокторинг жүйесін іске қосады

02.02.2021

Олимпиадалардың қатысушылары мен жеңімпаздары алатын құжаттарға сенімділікті арттыру үшін 2021 жылдың басынан бастап ҚИО жобасында мұғалімдер олимпиадаларын өткізу кезінде прокторинг жүйесі енгізілетін болады. Олимпиаданы өткізу процесін жасанды интеллект жүйесі бақылайтын болады. Ол қатысушының жеке басын дербес  тексереді. Оның мінез-құлқын, адамның қарау бағытын бақылайды және бұзушылықтарды бейнеге  тіркейді. Прокторинг жүйесімен олимпиаданы өткен қатысушылар расталған құжаттарды алатын болады. Олардың түпнұсқалығын сайтта QR код арқылы тексеруге болады. Тексеру парағында прокторинг процесінің бейнежазбасынан алынған кадрлар және олимпиаданы өтуі туралы ақпарат орналастырылады.   Сонымен қатар, қатысушыны әкімші-проктор бақылайтын болады. Ол олимпиаданың өту барысын бақылауға, бұзушылықтарды тіркеуге, ақпараттық хабарламалар жіберуге мүмкіндік алады. Олимпиадаға қатысушылардың жеке басын верификациялау туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде бірнеше рет күмән келтірілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадалар мен конкурстарда мұндай техникалық шешімдер қолданылмайды. Осы жаңартумен онлайн жарыстарды өткізуде ҚИО жаңа деңгейді орнатады. Оған жеке және мемлекеттік барлық ұйымдар ұмтылуы тиіс. Біз прокторингпен өткізілетін олимпиадалар ҚР Білім және ғылым министірлігі тарапынан туындаған күмәнді толығымен жояды деп үміттенеміз. Бұл аттестаттау үшін мұғалімнің портфолиосын қалыптастыру кезінде және жалпы қашықтық олимпиадалардың имиджі үшін оң әсер етуі тиіс.

 

А. Сыздыкова

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст