2021 жылғы 29 қаңтарындаАқмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы білім бөлімінің «Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ-сі Жетекші мектебінің «Жергілікті деңгейде серіктестік қарым-қатынасты ұйымдастырудағы Жетекші мектептің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы білім бөлімінің «Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ-сі Жетекші мектебінің тәжірибе алмасуы (2014-2020), Ақмола облысының Жетекші мектептерінің жалпы әдістемелік активтерін оқыту, сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің «Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ имплементациялау идеялар негізінде Ақмола облысының Жетекші және серіктес мектептерінің өзара іс-қимыл практикасын дамыту.
Педагогтердің жұмысы үш секцияда ұйымдастырылды: Жетекші мектептердің үйлестірушілері үшін (секцияның модераторы Степногорск қаласы білім бөлімінің «Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ Жетекші мектебінің үйлестірушісі Щербина Вероника Александровна), мектеп тренерлері үшін (модератор Татьяна Сергеевна Лихачева, Жетекші мектептің сертификатталған педагогы, бастауыш сынып мұғалімі) және мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары үшін (модератор Наталья Николаевна Довгаль, сертификатталған педагог, Жетекші мектептің ғылыми-әдістемелік жөніндегі директордың орынбасары). Облыстық семинарға Ақмола облысының Жетекші және серіктес мектептерінен 230 педагог қатысты.
Секция жұмысына спикер ретінде Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы, Көкшетау қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы директорының м.а. Пазылова Гүлмира Шойғаринқызы, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Назымбеков Қанат Аманжолұлы қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде Көкшетау қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері Пазылова Г.Ш., Мусина А. Д., Смаилова М.И., Журунтаева С.Б. мектептердің әдістемелік активінің бөлігі ретінде оқытылған мектеп тренерлері – мұғалімдер жұмысының өзектілігіне назар аударуға арналған «Әріптестердің кәсіби дамуын қолдаудағы мектеп жаттықтырушысының рөлі»тақырыптық блок ұсынды.
Идеялар панорамасы, педагогикалық квест, ментальді карта және дөңгелек үстел түрінде семинарға қатысушылар қоғамдастық мектептерінің жергілікті ынтымақтастығын ұйымдастырудың қағидаттары мен алгоритмімен танысты, тұрақты негізде олардың жүйелі өзара іс-қимылының циклограммасын талдады, Жетекші мектеп үйлестірушісінің жұмысын сапалы жүзеге асыру үшін бірқатар «лайфхактарды»танып білді, сондай-ақ желілік қоғамдастық қызметін үйлестіру тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті. Педагогтарға уақыт сын-тегеуріндерінен туындаған жетекші мектеп қызметінің түрлену кезеңдерінің сериясына шолу ұсынылды, оның ішінде: жұмысты оффлайн режимінен онлайн режимге ауыстыру кезінде, сондай-ақ болашақта Жетекші және серіктес мектептердің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ұтымды әдістемелік өзгерістердің болжамын жасады.
Кері байланыс материалдарына сәйкес іс-шараға қатысушылар Жетекші мектептің облыстық семинары оларға жаңа білім алуға және педагогикалық қызметті жаңа позициялардан түсінуге ғана емес, сонымен қатар одан әрі жұмыс істеу үшін шығармашылық қуат алуға және мектептердің серіктестік қарым-қатынасын ұйымдастырудың нақты мәселелерін шешуде практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Іс-шараның ерекшелігі ретінде мұғалімдер оның практикалық бағыттылығын, әр кезеңде аудиториямен интерактивті өзара іс-қимылды, педагогикалық тәжірибемен тиімді алмасуды, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының модераторлары мен жаттықтырушыларының практикада пайдалы болатын нақты ұсыныстар беруін атап өтті.