«Білім-Инновация» ХҚҚ-ң ұйымдастыруымен 3-4 ақпан күндері, Нұр-Сұлтан қаласында оқытудағы озық тәжірибелермен бөлісу, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен ерекшеліктер туралы пікір алмасу мақсатында семинар болып өтті. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б.Дүйсенованың басқаруымен, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры Н.А. Ахат, оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л.С.Құрманғалиева, дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.Ж.Алдабергенова, Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының директоры Г.М.Ещанов, Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының директорының орынбасары А.К. Колпенова, Бурабай ауданы Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің директоры Д.Ш. Сұрағанов, Степногорск қаласының Қ.Сәтпаев атындағы №9 мектебінің директоры И.Ж.Жиенбаев, Бурабай ауданы Кеңесары ауылы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің директоры А.А.Ахметжанова қатысты.
Семинардың бірінші күні «Құндылықтарға негізделген мектеп» жобасы, «EdLight Academy» орталығының оқушыларды олимпиадаға дайындау, ЖОО-ға дайындық және кәсіби бағдар беру жұмыстары таныстырылды, пікірлер ортаға салынды. «USTAZ professional learning center» орталығы, «R4 center» ЖШС, «Астана-кітап» ЖШС өз қызметтерінің мақсат, міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар «Елбасы медалі» жобасының ерекшеліктері айтылып, «Білім-Инновация» лицейлерінің қоғаммен байланыс жұмыстары көрсетілді.
Семинардың екінші күні Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейі «Жан басына қатысты қаржыландыру» тәжірибесімен, №73 физика-техникалық лицейі мектеп мәдениеті, білім және тәрбие берудегі басым құндылықтар туралы озық тәжірибелерімен бөлісті. «Nur-Orda» мектеп-лицейі, «Spectrum» халықаралық мектебі өздерінің іс-тәжірибелерімен таныстырды.
Семинарды Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова, «Білім-Инновация» ХҚҚ-ң Президенті Дархан Өте, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы қорытындылады.