2021 жылғы 18-19 ақпан күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» базасында жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиада 2 айналымда өткізілді:
1 айналым – жазбаша – эссе. Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектеріне арналады.
2 айналым – тест тапсырмалары – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.
Байқауға облыс бойынша 16 ауданнан, Көкшетау, Стеногорск қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 61 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І-орынға ие болған оқушылар:
Батырбекова Шырын – Бурабай ауданы, №9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
Сейілбек Нұрислам – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Серікбол Әсел – Егіндікөл ауданы, № 1 Егіндікөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІI-орынға ие болған оқушылар:
Мұрат Диана – Жарқайын ауданы, А.Үкібаев ат.орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Есмағи Нұргүл – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
Төлеуханқызы Бұлбұл – Есіл ауданы, №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
Бураканова Дильназ – Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы;
Қойкен Ұлпан – Степногорск қаласы, Дарынды балаларға арналған "Болашақ" №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Ғалымжан Аружан – Көкшетау қаласы, С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп -лицейінің 11 сынып оқушысы;
ІII-орынға ие болған оқушылар:
Амангельды Сандуғаш – Қорғалжын ауданы, Қорғалжын мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
Бахад Арайлым – Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Тлеубай Әдел – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9 сынып оқушысы;
Жорабекова Сабира – Астрахан ауданы, № 1 Астрахан орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
Серикбаева Асель – Сандықтау ауданы, Мәдениет орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
Жусупова Аида – Целиноград ауданы, Қажымұқан орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
Бауыржан Сункар – Буланды ауданы, № 1 Никольск орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
Хайвар Жалғас – Зеренді ауданы, Ақадыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
Сатыбаева Аружан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамотаға ие болған оқушылар тізімі:
Муратбек Шұғыла – Ақкөл ауданы, Сазды бұлақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Қожахметова Айгерим – Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Хойшыбай Назым – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
Букенова Ғазиза – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
Әбдрахим Көркем – Степногорск қаласы, Дарынды балаларға арналған "Болашақ" №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
Рафаилова Дильназ – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Худайберген Саяжан – Степногорск қаласы, Байқоныс орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Ақмола облысының женімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз.