Қазақстан үшін тарихи күн 1992 жылғы 2 наурыз болды – бұл Қазақстанның Біріккен Ұлттар ұйымына кірген күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның 168-ші мүшесі етіп қабылдау туралы 46/224 қарар бірауыздан мақұлданды. Отырыстан кейін ұйымның штаб-пәтерінің алдында Қазақстанның Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы Қазақстанның бейбітсүйгіш сындарлы сыртқы және ішкі саясаты халықаралық қоғамдастықта пайдаланатын зор құрметін растады. Әрине, бұл оқиға біздің еліміз үшін үлкен саяси маңызға ие болды, өйткені бұл жас елдің егемендігін халықаралық қауымдастықтың мойындауын білдірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда өз жұмысын 1993 жылы, 1992 жылғы 5 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Бутрос-Гали арасында тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін бастады. Бүкіл уақыт бойы бейбітшілік жолындағы өзара іс-қимыл нақты кескінге, нақты нысаналы индикаторларға ие болды.
Қазақстанның БҰҰ мен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің көп аспектілі қызметіне 29 жыл ішінде қатысуы Республика ядролық қаруды қысқарту және таратпау идеяларын белсенді ілгерілете отырып, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты.
Б. Иржанова