"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

03.03.2021


2 наурызда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары және филиалдары басшылары, мамандарымен бейнебайланыс режимінде семинар-жиын өткізді. Онлайн-кездесу барысында Салалық кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына қатысу, ҚР Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ мүшелеріне арналған "Халық бюджеті" және «30 Еңбек Елшісі» жобасына қатысу, сондай-ақ "BilimKasipodagy" мобильді қосымшасын пайдалану мәселелері талқыланды.

Жиынды ашқан Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңының талаптарын орындау жөніндегі кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына бүгінгі таңға дейін 47 мыңнан астам сала қызметкері қатысқанын жеткізді. Кәсіподақ төрағасы әр педагогтың пікірі педагогикалық қоғамдағы әлеуметтік ахуалды анықтау мақсатында маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте, сала қызметкерлерінің сауалнамаға қатысу белсенділігін көтеру баса айтылды.

Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Әбиева ҚРКФ-ның "Халықтық бюджет" және "30 еңбек елшісі" жобасына қатысу шарттарын түсіндірді. Өз кезегінде бөлім басшысы Е.Иманбаев қатысушыларды Салалық кәсіподақтың "Bilim Kasipodagy"жаңа мобильді қосымшасын пайдалану тәртібімен таныстырды.

Сауалнамаға https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdLZUlhs7Q.../viewform... сілтемесі арқылы өтіп, қатысуға болады.

Кеңес беру форматында ұйымдастырылған кездесу нәтижелі өтті.
 

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст