Қысқы демалыс алдында 3 «А» сынып оқушыларымен «Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Профилактикалық әңгімелесудің басты міндеті ықтимал қауіп көздерімен танысу болып табылады: шапалақ, салют, бенгал шамдары, балалардың оларды абайлап пайдалану дағдыларын дамыту, мерекеге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу
Жаңа жыл мерекелерi кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң әдеттегi ережелерiнен басқа, бізге тек қана оң эмоцияларды алуға мүмкiндiк беретiн бiрнеше қарапайым нормаларды сақтау керек: шыршаны мата және пластмасса ойыншықтармен әшекейлемеу, үй-жайда бенгал шамдарын жағуға, шаппаларды қолдануға рұқсат етiлмейдi. Қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, жаңа жылдық мерекелер көңілді, алуан түрлі өтеді және ешқандай жағымсыз сезім әкелмейді!
Бастауыш сынып мұғалімі А.М. Казбекова