«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Асхат Аймағамбетов тарихшы ғалымдармен кездесу өткізді

16.03.2021
Жиын барысында Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында міндеттеген тапсырмаларын орындау барысын талқыладық.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, сондай-ақ Қазақстан тарихы пәні бойынша бірыңғай оқулықтарды дайындауды тапсырған болатын.
Ғалымдармен және мұғалімдермен Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, Қазақстан тарихы бойынша базалық мектеп оқулығын дайындаудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелері, мектептерде тарихты оқыту проблемалары, оның ішінде үлгілік бағдарлама дайындау туралы мәселелер талқыланды.
Бұл ортақ жұмыстың маңызы зор.
Бұл жұмыста науқаншылдық пен асығыстық болмау керек екені де түсінікті.
Біздің министрлік тарихшы ғалымдар мен мұғалімдердің айтқан ұсыныстары мен идеяларын ескеретін болады.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмысқа барлық тарихшыларды қатысуға шақырамын. Өз ұсыныстарыңызды Ғылым комитетінің корпоративтік поштасына kn@edu.gov.kz жіберуді сұраймын.
Просмотров: 483


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст