«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

24.02.2025

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады (1845 - 1904).

Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.

А. Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – Тобықтыдан басталады.

Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен​​. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.

 Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.

Абай 170 астам өлең  жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Просмотров: 1903

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст