2011-2020 жылдарға арналған ГПРО сәйкес білім жүйесінің негізгі жаңғырту мен дамыту бағыттары белгіленді: мектепке дейінгі білімді дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, электрондық білімді, «E-learning» жобасын енгізу. 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы айтсақ, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 4,7 %-ға өсіп 90,5 % құрады.
18 мектепте және 30 балабақшада «Әліппе» («Букварь») әзірленіп тәжірибеден өтуде. Сонымен бірге 70
мың мұғалім білімнің жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті.
73 пилоттық мектепте жан басына қаржыландыру тәжірибесі жалғастырылуда. Аймақтардың жеке мектептерінде
мемтапсырма орналастыру сұрағы шешілуде. 60% астам мектептер мен балалар үйлерінде қоғамдастықтың қатысуымен қамқоршылық кеңестері жұмыс атқаруда.
Мектеп директорын конкурспен іріктеуде қамқоршылық кеңесінің қатысуының міндетті нормасы бекітілді.