2018 жылдың 16 ақпанында № 3 ОМ технологиядан «Техника мен технология саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету құралы ретінде технология сабақтарында көркемдік-технологиялық әдіс» тақырыбына аудандық семинар өтті
Технология, БӨ және сызу мұғалімі Г.Н. Касаткин 9 «А» сыныбының ұлдарымен «Ас үй
құралдарын жасау» тақырыбына ашық сабақ-практикум өткізді. Оқушылар материалдарды өңдеу мен және токарлық станокта жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырылды. Ас үй құралдарын жасауда құралдармен және материалдармен жұмыс жасаудың әдістерін жетілдірді, сабақ соңында ас үй құралдарын жасап шығарды.
Онымен осы семинар аясында Г.Н. Касаткин 6 «Г» сынып оқушыларымен технологиядан «Қуатсақтауды қаруға ал» атты сыныптан тыс ісшара өткізді. Ісшараның негізгі мақсаты – қуатсақтау мен қуат тиімділігі
идеяларын насихаттау болды. 6-шы сынып оқушылары өз білімдерін тексеріп, тұрмыс пен мектепте қуат үнемдеу тәсілдері туралы жаңа ақпарат алып материалды бекітті. Қуатсақтауға жеке үлестерін қосумен және еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу міндеттері арасындағы байланысын байқады.