2021 жылдың 1 мамырында ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, математик, академик Жәутіков Орымбек Ахметбековичтың туғанына 110 жыл толады. 1972 жылы оның бастамасымен республика Үкіметі Республикалық физика-математика мектебін ашты . Академик О.А. Жәутіковтың есімі жыл сайын РФММ негізінде өтетін математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық және қалалық олимпиадаларға берілді.
2021 жылдың 25 сәуірі мен 8 мамырында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып) және информатика (6-8 сынып) пәндері бойынша XXI ашық қалалық Жәутіков олимпиадасының онлайн іріктеу кезеңінің екі туры өтеді.
Олимпиаданың негізгі міндеттері математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және ғылымға деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау болып табылады.