Текст
13 ақпанында 3 Г сыныбында «Арман қала» тақырыбына бейнелеу өнері бойынша сабақ өтті.
Бұл сабақтың мақсаты сәулет өнері мен сәулетшінің жұмысы туралы білімін тереңдету, сәулет өнерімен макеттеу техникасындағы жұмыс дағдыларын дамыту, кеңістік ойлауды, қиялдауды және қолдың ұсақ моторикасын
дамыту, еңбекке баулу және сәулетші өнерін құрметтеу.
Сабақтың басында оқушылар фотосуреттер мен замануи тұрғын үйлердің суреттерін тамашалады. Содан кейін болашақта адамдар қалай өмір сүреді деген тақырыпқа қиялдау ұсынылды.
Сабақ барысында оқушылар жарысқандай болып қызықты үйлерді жобалады, әрқайсысы өз үйін ерекше етіп
салғысы келді.
Сабақ соңында оқушылар ең қызықты нысандарды атап өтті.