«Мектепке дейінгі ұйымдарда замануи әдістемелер мен технологияларды енгізудің жаңа
үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Мектепке дейінгі балалық
шақ» республикалық орталығының базасында өткізілді.
Конференцияға қатысушылар атап өткендей, білім жүйесі бүгіндері үлкен өзгерістерге тап болып,
педагогикалық білім қайта құрылуда: 2016-2019жж. білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, ГПРОН жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспары қабылданды, үштілділік білімге ауысумен «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізумен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыміндетті стандарттары
жаңартылды.
Конференцияға қатысушылар мектепке дейінгі замануи әдістемелер мен технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасты және осы мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім үдерісіндегі жаңаша технологияларды қолдануды талқылап тәжірибе алмасты.
Конференция материалдарының жинағы www.rc-dd.kz сайтында орналастырылған.
Республикалық мектепке дейінгі балалық шақ орталығы