Текст
6 ақпанда № 3 ОМ бастауыш сынып мұғалімі А.К. Ахметова 3 «в» сыныбында «Мейірімділік – адамның жүрегін жылытатын күн шуағы» тақырыбы бойынша өзінтану ашық сабағын өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жүрек жылылығына баулу, мейірімді сөздер мен жақсы істер туралы ұғымдар беру болды.
Мұғалім балалардың назарын «сиқырлы сөздерге», олардың жағымды істерге ауысуына аударды. Сабақ барысында оқушылар мейірімділік туралы мақал мәтелдерді талдады. Балалар сабақта белсенділік танытты, ал шығармашылық тапсырмада «Мейірімділік күн шуағы» аппликациясын құрастырды, «Мен мейірімділікті қалай түсінемін?» тақырыбына суреттер салды.